Жаңалықтар

Ас, тамақ, азық-түлік туралы балаларға арналған жұмбақтар

Ас, тамақ, азық-түлік туралы жұмбақтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Шиге жайып кептірген,

Өзі қышқыл, түсі ақ ,

Сорсаң дәмді, түсі ақ ,

Жаңғақтай-ақ домалақ.

Жауабы: құрт.

***

Өзi ащы,

Бiрақ,

Дәмдi етер асты.

Жауабы: тұз.

***

Тобатайға құртымдай,

Жаз бойы бiр тынбай.

Жинаған гүл сөлiн,

Не?

Бiлсең, айтшы өзiң? 

Жауабы: араның балы.

***

Әжем уыстап сығып,

Далада кептiрген.

Қатты әрi тәттi дәмiн,

Кiм бар жеп көрген? 

Жауабы: құрт.

***

Мұз сынды түрi,

Тәттi дәмнiң бiрi.

Жауабы: науат.

***

Қос басы жұмыр,

Жiңiшке құбыр,

Iшiне жиған,

Дәмi де шымыр.

Жауабы: жілік майы.

***

Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркiм бiрақ ұнатады.

Жауабы: пияз.

***

Ақ отаудың есігі де жоқ, 

Тесігі де жоқ.

Жауабы: жұмыртқа.

***

Алыстан қарасам аппақ, 

Татып қарасам тәтті-ақ.

Жауабы: қант.

***

Судан алады,

Суға салса өледі.

Жауабы: тұз.

***

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. 

Жауабы: таба нан.

***

Аласа ғана бойы бар, 

Тоғыз қабат тоны бар.

Жауабы: сарымсақ.

***

Сусыз піскен ас көрдім,

Домаланған бас көрдім.

Жауабы: қауын.

***

Көк лағым көгенде тұрып семіреді. 

Жауабы: қарбыз.