ҚҚС Мәжілістің екінші оқылымында қабылданды

30 сәуір, 2025 / Меркіт Жоламан
zakon.kz

Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін және оған қатысты салық салу мәселелері жөніндегі түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

Парламент Мәжілісінің Telegram-арнасында хабарланғандай, бастапқыда Үкімет ұсынған 20%-дық мөлшерлеме 16%-ға дейін төмендетілді. Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін көтерілді.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге 5%-дық, ал 2027 жылдан бастап 10%-дық төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізілетіні айтылды.

Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сирек кездесетін (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен отандық баспа кітаптары, сондай-ақ кітаптарды басып шығару қызметтері ҚҚС-тан босатылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында қосымша есепке жатқызылатын ҚҚС көлемі 70%-дан 80%-ға дейін арттырылды.

Жеңілдетілген декларация реформасы аясында рұқсат беретін тізімнің орнына тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі енгізілді. Өңірлік ерекшеліктерді ескеру үшін мәслихаттардың ±50%-ға түзету мүмкіндігімен 4%-дық бірыңғай мөлшерлеме белгіленді. Сондай-ақ, бизнес арасындағы операцияларға арналған арнайы салық режимінің қолданылу аясы кеңейтілді.

Бұдан бөлек, құмар ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративтік табыс салығы (КТС) мөлшерлемесі 25%-ға дейін көтерілді, алайда кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру бойынша кірістер үшін банктерге арналған мөлшерлеме 20% деңгейінде сақталды.

Сондай-ақ, жеке табыс салығына (ЖТС) арналған прогрессивті шкала енгізіледі:

 

Тэгтер:

мәжіліс ҚҚС НДС