Қазақстандық футболшы Дастан Ямалдың командасына «қосылды»
Дастан Сатпаев – Еуропа үздіктері қатарында! Ламин Ямалмен бір тізімде.
Қазақстандық футбол тағы да Еуропаның назарын аударды! Алматылық «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Transfermarkt порталы жариялаған Еуропа лигаларындағы 17 жасқа дейінгі үздік бомбардирлер рейтингінде үшінші орынға жайғасты. Бұл – қазақ футболы үшін үлкен жетістік.
Transfermarkt рейтингі: кім көш бастап тұр?
Футбол әлемінің сенімді дереккөзі саналатын Transfermarkt порталы 17 жасқа дейінгі жас футболшылардың статистикасын саралап, үздік ондықты анықтаған.
Үздік үштік былайша қалыптасты:
Ламин Ямал («Барселона») – 52 матч, 16 гол
Стивен Кангур («Харью», Эстония) – 2 матч, 7 гол
Дастан Сатпаев («Қайрат», Қазақстан) – 12 матч, 7 гол
Сатпаев атақты Ламин Ямалмен (Испания құрамасының жұлдызы) және эстондық талант Стивен Кангурмен бір қатарда тұр. Бұл – Қазақстан футболының болашағы бар екенін дәлелдейтін нақты көрсеткіш.
2008 жылы дүниеге келген Дастан Сатпаев – «Қайрат» академиясының түлегі. Биыл ол кәсіби деңгейде Қазақстан Премьер-лигасында жарқырай бастады. 16 жасында негізгі құрамда ойнап, қарсы қақпаларға гол соғуда.
Жанкүйерлер оның техникалық шеберлігін, жылдам шешім қабылдауын және айып алаңындағы инстинктінерекше атап өтеді.
2024 жылдың ақпан айында «Қайрат» пен ағылшынның атақты «Челси» клубы Дастанның трансфері туралы келісімге келді. Ол 2026 жылдың жазында, кәмелетке толған соң, ресми түрде Лондон клубына қосылады. Қазірше ол "Қайратта" ойынын жалғастырып, тәжірибе жинауда.
Бұл келісім — Қазақстан футболшыларына әлемдік аренаға шығуға мүмкіндік бар екенін тағы бір дәлелдеп отыр.