Жемқорлық символына айналған LRT вагондары Астанаға келе жатыр (ВИДЕО)

24 мамыр, 2025 / taulik
Фото: cts

LRT-тің алғашқы вагондары Қытайдан Астанаға жөнелтілді.

Астанаға арналған LRT-тің алғашқы екі вагоны Қытайдың Таншань қаласынан жөнелтілді. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты рәсімге қазақстандық тараптан "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев, ал қытайлық тараптан CRRC Tangshan компаниясының төрағасы Чжоу Цюннянь және CRAEC бас директоры Чжоу Хайвэй қатысты.

Таншаньдағы зауытта барлығы 19 заманауи вагон жасалады. Әр пойыз төрт секциядан тұрады және 650 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Олар жүргізушісіз, төртінші деңгейдегі автоматтандырылған жүйемен басқарылады.

Алғашқы екі құрам Астанаға 2025 жылдың маусым айында жеткізіледі.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Taulik.kz (@taulik.kz)

Тэгтер:

Астана Қытай жемқорлық пойыз LRT вагондар