Жаңалықтар

iPhone 16 бағасы арзандады – 127 мың теңгеге сатылып жатыр

iPhone 16 смартфондары 210-280 доллар арасындағы ғана сатылып жатыр. 

Apple Қытайда iPhone 16 нашар сатылып жатқан соң, дистрибьюторларға бағасын түсіруді тапсырды. Қазір бұл телефондар дүкендерде 1,5–2 мың юаньға (шамамен $210–280) арзан сатылып жатыр.

Соңғы айларда Apple-дің Қытайдағы табысы төмендеп келеді. 2024 жылдың соңғы тоқсанында табыс 11%-ға азайып, $18,5 млрд болды. Ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында $16 млрд-қа дейін түсті.

Қаңтар мен наурыз аралығында iPhone жеткізілімі 9%-ға қысқарды. Сол уақытта қытайлық Xiaomi, Huawei, OPPO және Vivo смартфондарының сатылымы керісінше өсті.