Путин Трампқа хабарласқан: аса маңызды не айтылды?
Путин Трампты туған күнімен құттықтаған, бірақ басқа тақырып талқыланған.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін растады. Бұл туралы Трамп өзінің туған күніне орай жасаған мәлімдемесінде хабарлады. Айта кетейік, бүгін саясаткер 79 жасқа толып отыр.
«Президент Путин бүгін таңертең маған туған күніме орай шын жүректен құттықтау үшін қоңырау шалды», — деді Трамп. «Бірақ ең маңыздысы — біз Иран туралы сөйлестік. Ол бұл елді жақсы біледі. Әңгімеміз ұзаққа созылды».
Трамптың айтуынша, Ресей мен Украина тақырыбына аз ғана уақыт бөлінген, алайда бұл мәселе келесі аптада кеңінен талқыланбақ.
«Путин мен сияқты, Израиль мен Иран арасындағы соғыс тоқтатылуы керек деп есептейді. Мен оған өз кезегінде оның [Путиннің] Украинадағы соғысы да аяқталуы қажет екенін түсіндірдім», — деді Трамп.
Путин мен Трамп арасындағы бұл әңгіме жайында бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлаған болатын.