Қазақстан мен Ресей АЭС салу жобасы бойынша жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Ресейдің экономикалық ақпарат агенттігі «ПРАЙМ».
Құжатқа Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қол қойды.
«Біз қазақстандық тараптың сенімін жоғары бағалаймыз – және елімізде АЭС салатын халықаралық консорциумға жетекшілік етеміз. Қазақстан – атом саласындағы сенімді тарихи серіктесіміз», – деді кездесуде Лихачёв.
«Біз қауіпсіздік пен өндірісті жергіліктендірудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әріптестермен тығыз әрі ашық өзара іс-қимылға үміттенеміз», – деп пікір білдірді Сәтқалиев.