Қазақстандық Magnum желілері Өзбекстанда жаппай жабылып жатыр. Бұл туралы Taulik.kz өзбекстанның kun.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпараттық агенттіктің айтуынша, Өзбекстанда өзінің желілерін көбейтуді жоспарлаған қазақстандық Magnum 2024 жылдан бастап керісінше, дүкендерін жапқан. 2021 жылы көрші елдің нарығына кірген қазақстандық компания кем дегенде 18 нүкте ашпақ болған, бірақ аяқастынан стратегия өзгерген екен.
Әлеуметтік желіде бұл туралы бірнеше пікір тарады. Олардың айтуынша, көрші елдің экономикасы бұған дайын емес десе, бірі қазақстандық компанияның орнын баса алатын жергілікті желілер де көп деседі.