2025 жылғы 23 маусымда Иранның Қорғаныс министрі Мұхаммед Резаи Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Иран Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты.
Әңгіме барысында Мұхаммед Резаи Иран аумағына жасалған шабуылдарға қатысты Тегеранның ұстанымын жеткізді. Оның айтуынша, Иран өз аумағына соққы жасаған кез келген тарапты барлық қолжетімді тәсілдермен жазалауға шешім қабылдаған.
«Иран өз территориясына жасалған шабуылдарға жауапсыз қалмайды. Біз шабуылдағандарды міндетті түрде жазалаймыз», – деді Резаи ресейлік әріптесіне.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран Катардағы АҚШ-тың Аль-Удейд әскери базасына шабуыл жасамас бұрын, АҚШ пен Катарды екі дипломатиялық арна арқылы бірнеше сағат бұрын ескерткен. Катар билігі америкалық базаның шабуылға дейін эвакуацияланғанын хабарлады.
Бұл – Иранның АҚШ әуе шабуылдарына берген символдық жауабы ретінде бағаланып отыр. 2020 жылы да Иран АҚШ-қа генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін Ирактағы америкалық базаларға ракеталық соққы жасайтынын алдын ала хабарлаған. Ол кезде де америкалық әскерилер жасырынғандықтан, адам шығыны болмаған.