«Несие алушылар көбейді» – бұл кедейліктің белгісі емес – Жұманғарин

Бүгін, 15:33 / taulik
Primeminister.kz

Қазақстанда несие алу көрсеткіші күрт өсті, бірақ бұл елдегі кедейліктің артқанын білдірмейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі несие көлемі 20,9%-ға өсіп, 34 триллион теңгеге жеткен. Оның ішінде:

Журналистер министрден: «Несие алушылар санының артуы халықтың кедейленгенін көрсетпей ме?» деп сұрады. Жұманғарин бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

«Адамдардың несие алу белсенділігі олардың мүмкіндігінің артқанын білдіреді. Олар несиені ойланып-толғанбай-ақ алып жатыр, яғни сенімді», – деді ол.

Министрдің сөзінше, мемлекет азаматтарды қорғау үшін арнайы тетіктер енгізген. Мәселен, несиеден бас тартуға бір түндік «ойлану» уақыты беріледі. Сонымен қатар, қарыз жүктемесі де есептеледі: жалпы несие сомасы азаматтың табысының 50%-ынан аспауы тиіс.

«Бұл межені 35%-ға дейін төмендетуді ұсынып отырмыз», – деді министр.

Серік Жұманғарин халықтың қаржылық сауаты мен жауапкершілігіне сенетінін айтты.

«Егер азамат несие алса, бұл оның қаржылық жағдайын есептей алатынын көрсетеді. Ал егер ол несиені дәрі-дәрмекке алса – бұл әлеуметтік жағынан тереңірек мәселе», – деді ол.

Тэгтер:

несие