Әлеуметтік желі және бірнеше БАҚ-та әнші Маржан Арапбаеваның жол апатына түскені туралы тақырыпта түрлі материал жарияланды. Дегенмен бұл қаншылықты рас?
Әнші тек өзінің әлеуметтік желісінде "жол апатына түскенін, бірақ аман-есен екенін" айтып, жазба қалдырған.
Бір Алланың сақтағаны шығар. Қиын болса да Астанаға жеттік. Трассада жол апатына түсіп, Құдайдың қалауымен дін-аман үйге жеттік. Бұл бәлкім бір сынақ немесе «сақ бол» деген белгі шығар. Өмірдің құнын тереңірек сезіндік. Аман қалғанымыз – Тәңірдің қорғаны. Сансыз шүкір, - деп жазған әнші.