Түнде бастырылудың себебі - қарғыс алу - ИМАМ
Түнде бастырылудың себебі - қарғыс алу - ИМАМ
Белгілі дінтанушы әрі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы адамдардың жиі бастырылуына не себеп болатынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz “Халық үні” басылымына сілтеме жасап. Имамның мәліметінше, бастырылу тек қана ішіне жын кірген адамдарға тән емес. |
«Бастырылуды көпшілік жаман іс жасағанда, тазаланбай жүргенде, шаршағанда болады деп біледі. Бұл да қате емес. Ал бастырылудың ең басты себептерінің бірі - қарғыс алу. Осыны көп ешкім ойлай бермейді.Егер біреудің ала жібін аттап, жиі ұрлық жасап, басқаның көз жасына, ата-анаңның қарғысына қалсаң - бастырыласың. Өзгені көп алдайтын, қулық-сұмдықпен, арамдықпен өмір сүретін, біреуді жазықсыз жылататын адам да көп бастырылады. Бірде жас ортасындағы кісі дем салып беруімді өтініп, хабарласа берді. Бастырылып қала беретінін айтты. Жиі өтінген соң, кездестім.«Отбасың бар ма?» деп сұрадым. Бір қызығы, 48 жастағы кісінің жанұясы жоқ екен. Әрине, елуді алқымдаған адамның бала-шағасыз болғаны маған біртүрлі көрінді. Сұрастыра білсем, төрт рет үйленіп, ажырасқан екен. Төрт әйелінен де бақыт таппаған, әр әйелімен бірге балалары да кеткен. Осыдан соң, бастырылу да басталады. Әрине, төрт әйел мен бала-шағаның көз жасы, қарғысы жібермейді. Сондықтан, әлгі адамның жолы да болмайды. Осы орайда, жолым ашылмай жүр дегендерге айтарым осы. Бастырылып қалсаңыздар, себебін әріден іздеңіздер. Біреуді ренжітіп, әлдекімнің ақысын жеген шығарсыздар. Қарғыс алмай, алғыс алуға тырысыңыздар. Ал егер мұның бәрі жоқ болса, бастырылу себебі жыннан болады», - дейді дінтанушы.
Taulik.kz