Армения премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың басшылығымен Оңтүстік Кавказда бейбітшілік пен тұрақтылық орнайды деп сенеді. Бұл туралы ол АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай жолдаған құттықтау хатында айтты.
«Сіздердің қақтығыстарды тоқтату және жаһандық бейбітшілік орнату жөніндегі көзқарасыңызды жоғары бағалаймын. Сіздің басшылығыңызбен АҚШ көптен күткен бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Оңтүстік Кавказда өркендеуге негіз болатынына сенемін», – делінген Пашинянның мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, Армения үкіметінің басшысы өзінің елінің бейбіт күн тәртібіне деген ұстанымын тағы да растады. Бұл ұстаным – егемендік, аумақтық тұтастық, халықаралық мойындалған шекаралардың мызғымастығы және «Бейбітшілік қиылысы» жобасының қағидаттарына сәйкес өңірлік инфрақұрылымды ашу.