Салық төледіңіз бе? – үлгермей қалмаңыз, комитет ескертті

Бүгін, 02:37 / taulik
Фото: коллаж Taulik.kz

Қазақстандық жеке тұлғалар 2025 жылдың 1 қазанына дейін 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеуі қажет. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми хабарлама таратты.

Комитеттің мәліметінше, салық мөлшері азаматтардың меншік құқығындағы тұрғын үйі мен жер телімдерінің құнына байланысты есептеледі. Құн мен иелік ету мерзімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтайды.

Салық органдары биылғы шілде айынан бастап алдағы төлемдер бойынша хабарламаларды жібере бастайды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да PUSH-хабарламалар таратылады.

Комитет 2 қазаннан бастап салықты төлемеген азаматтарға қарыз туралы ресми ескертулер жолданатынын еске салды.

Салықты төлеу тәсілдері:

e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;

екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары;

eGov.kz электрондық үкімет порталы;

банктердің бөлімшелері мен төлем терминалдары;

банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы банк картасы арқылы төлеу.

Салық міндеттемелерін уақтылы орындамаған жағдайда өсімпұл есептелуі мүмкін. Сондықтан Кірістер комитеті азаматтарды шілде-қыркүйек айларында салық төлеу жөніндегі хабарламаларға назар аударып, төлемдерді кешіктірмеуге шақырады.

Тэгтер:

салық комитет кірістер комитеті ескерту ресми хабарлама салық төлеу