Президент көлікті өзі жүргіземін деп 20 минут кептелісте тұрып қалған (ВИДЕО)

10 шілде, 2025 / taulik
Фото: коллаж Taulik.kz

Ташкент. – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ел астанасындағы жол кептелістерін сынға алып, жеке өзі де осындай жағдайға тап болғанын айтты.

«Өткен демалыс күндері өзім көлік жүргізіп келе жатып, кептеліске түсіп қалдым. Шамамен 15–20 минуттай тұрдым. Әдеттегі жағдай сияқты – ешкім рөлде кім отырғанын білмейді. Мен де бәрі сияқты күтіп тұрдым. Жан-жағыма айқайлап, жол беріңдер деп айтпаймын ғой. Кептелістен шыққаннан кейін министрге хабарласып, оған да осындай жағдайды өз көзімен көріп көруді ұсындым», – деді президент үкімет отырысында.

Мемлекет басшысы халықтың күн сайын жұмыстан қайтып келе жатып ұзақ кептелісте тұратынын айтып, бұл олардың көңіл күйіне кері әсер ететінін ескертті. Осыған орай Ішкі істер министріне сұрақ қойды: «Сіз қалай ойлайсыз, осындай жағдайдан кейін адамдардың көңіл күйі бұзылмай ма?».

Шавкат Мирзияев сондай-ақ Ташкенттегі көпірлерде төрт жолақты жолдардың екі жолаққа дейін тарыла түсетінін айтып, бұл жағдайдың кептеліске себеп болатынын атап өтті.

Тэгтер:

көлік президент Өзбекстан кептеліс Мирзеев