Жан тәтті: атыс кезінде жан-жаққа тығылғандар камераға түсіп қалған (ВИДЕО)

Бүгін, 01:32 / taulik
Фото: видеодан алынған скрин

АҚШ-тың Филадельфия қаласында болған жаппай атыс салдарынан үш адам қаза тауып, кемінде он адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның видеосы үйдің сыртындағы бақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға Грейс-Ферри ауданында, түнгі сағат 1 шамасында болған. Полицияның мәліметінше, қаза тапқандардың үшеуі — жастары 19, 23 және 24 жастағы ер адамдар. Жарақат алғандардың қатарында 15 жастағы оқушы қыз және екі 17 жастағы бозбала бар. Тағы бір 19 жастағы жігіт ауыр халде жатыр.

Құқық қорғау органдары бір күдіктіні қарумен бірге ұстады. Қазір оның атысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция оқиға орнында тергеу жүргізіп, куәгерлерден жауап алуда. Жаппай атыстың себептері мен толық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

оқиға қаза тапты атыс адамдар жан тәтті