АҚШ пен Қытайды артта қалдырған қазақтың жас ғалымдары

Бүгін, 11:01 / taulik
Фото: ашық дереккөз

2025 жылдың 5–14 шілдесі аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәні бойынша халықаралық олимпиадада (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан құрамасы жарқын жеңіске жетті. 93 елден 360-тан астам оқушы бақ сынаған беделді білім сайысында қазақстандықтар екі алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, әлемнің үздік жас химиктері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алтын медаль иегерлері:

Кирилл Ким, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана, 12-сынып

Абылай Қабдолхадыр, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана, 12-сынып

Күміс медаль иегерлері:

Еңлік Бақытбекова, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы, 12-сынып

Аңсар Жақсылықов, «Білім-инновация» лицейі, Ақтөбе облысы, 10-сынып

Ұлттық құрамаға ғылыми жетекшілік еткендер:

Санжар Бегдәуір — KAIST (Оңтүстік Корея) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы

Ринат Ілүсізов — халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы

Олимпиадаға дайындық пен қатысу ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен жүзеге асқан. Команда бұған дейін де еуропалық және халықаралық жарыстарда 100% нәтижемен көзге түскен болатын.

Анықтама үшін: IChO — әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың бірі. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл жарыстардың жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы қарастырылған:

Алтын медаль — 1500 АЕК

Күміс медаль — 1000 АЕК

Қола медаль — 500 АЕК

Сондай-ақ, оқушыларды дайындаған жетекшілер де ынталандырылады.

Айта кетейік, 2024 жылы өткен IChO олимпиадасында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

Тэгтер:

алтын олимпиада Кирилл Ким Абылай Қабдолхадыр Еңлік Бақытбекова Аңсар Жақсылықов күміс