Қазақия. Сент жоқ. Қазақ тілі – үшінші конституция ұсынылды ма?

Бүгін, 12:17 / taulik
Фото: коллаж Taulik.kz

Қазақстанда үшінші конституция бола ма? Дәл осы мәселені ARA Media Youtube арнасының жүргізушісі Руслан Ербота кезекті бір талқылауында айтып қалды, деп хабарлайды Taulik.kz.

ARA Media-ның айтуынша, Zakon.kz сайтында ҚР-ның үшінші жаңа Конституциясы туралы жоба жариялаған. Бірақ кейін белгісіз себептермен алынып тасталған.

Taulik.kz редакциясы журналист Руслан Ербота айтқан Kazakhstan Law Review сайтына кіріп көрді және заңның үш тілдегі PDF нұсқасын тапты. Бұл ашық дереккөз ретінде сақталған екен. Заң авторы Елубаев Жұмагелді Сәкенұлы деген азамат.

Үшінші Конституцияның бірінші бөлімінің, бірінші бабы Қазақстан Республикасы деп емес, «Қазақ Республикасы немесе Қазақия» деп басталады. Екінші тармағында Қазақ Республикасы және Қазақия атауларының мәні барабар деп те көрсетеді.

Заң жобасының PDF нұсқасынан алынған скрин.

Осы заңның 6-бабында мынандай мәтін кездеседі:

«Қазақ Республикасында мемлекеттік билікті Президент, Мәжіліс (Парламент), Президент басшылық ететін Министрлер кабинеті (Үкімет) және Қазақ Республикасының соттары жүзеге асырады», делінген.

Яғни бұл Конституция бойынша тек бір Парламент болады, Сенат болмайды дегенге саяды.

Депутаттар 5 жылға сайланады делінген әрі әр өңірден 7 депутат сайланды делінген.

Мемлекеттік тіл тек Қазақ тілі болады делінген. Басқару жүйесі президенттік болады. Тек бұл жердегі өзгеріс «вице президент» болады делінген.

Тэгтер:

заң ұсыныс ҚР конституция заң жобасы Қазақстан Конституциясы