Бетінің сау жері қалмаған: Алматыда аттракционда жарақат алған қыз

28 шілде, 2025 / taulik
Фото: коллаж Taulik.kz

Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан «Вальс» аттракционында 2025 жылғы 5 шілдеде кәмелетке толмаған қыз ауыр жарақат алғаннан кейін, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігі — қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету — бойынша іс тергеліп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалған. Істің материалдары бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жарақта алған қыздың суреті. Фото: КазТАГ.

Бұған дейін зардап шеккен қыздың анасы ішкі істер министрі Ержан Саденовке үндеу жолдап, полицияның әрекетсіздігін, аттракционның әлі де жұмыс істеп тұрғанын және кінәлілердің жазаланбағанын сынға алған. Ол қауіпті нысанды дереу жабуды, тәуелсіз тергеу жүргізуді және барлық жауапты тұлғаларды заң алдында жауапқа тартуды талап еткен.

Қоғамда бұл жағдайға қатысты үлкен резонанс туындап отыр.

Тэгтер:

Алматы қылмыстық іс аттракцион полиция департаменті вальс аттракцион Әуезов ауданы