Президент Түркияға ресми сапармен барды, Ердоған өзі күтіп алды

28 шілде, 2025 / taulik
Фото: Ақорда ресми парақшасынан алынды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 шілде күні Түркияға ресми сапармен барды. Анкарадағы «Есенбоға» әуежайында Мемлекет басшысын Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өзі қарсы алды. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі ел басшылары әуежайда қысқаша әңгімелесті.

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Екі ел арасында ешқандай түйткіл жоқ, бізді тек туыстық және ынтымақтастық байланыстырады. Ертеңгі сапардың бағдарламасы мазмұнды, оны толық жүзеге асырамыз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркия президенті Режеп Ердоған әуежайда күтіп алу сәтінде. Анкара. Фото: Ақорда ресми парақшасынан.

29 шілде күні мемлекет басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін кеңейту мәселелерін талқылап, ресми келіссөздер жүргізеді.

Тэгтер:

Түркия Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу ресми сапар ҚР президенті Режеп Ердоған