Қоқыстың ортасындағы әйел үйіне 25 ауру мысықты әкеліп баққан (ВИДЕО)

28 шілде, 2025 / taulik
Фото: Ашық дереккөз

Мәскеудегі Нижняя Первомайская көшесінде орналасқан тұрғын үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері иістен, қоқыстан және тарақандардан зардап шегуде.

Бұған себеп — көршілері Светлана есімді әйелдің әрекеті. Ол 2020 жылдан бері көшеден хлам жинап, үйіне тасып келген. 2024 жылы ол бірнеше ауру мысықты үйіне алып келген, алайда оларды емдемеген. Соның салдарынан бір жарым жылда мысықтар көбейіп кеткен.

Қазір әйелдің пәтері нағыз антисанитариялық орынға айналған: 25 ауру мысық, үйіліп жатқан қоқыс, үйді жайлаған тарақандар мен аммиак иісі бүкіл үйге тарап кеткен. Тұрғындардың Роспотребнадзор, учаскелік полиция және басқарушы компанияға жасаған шағымдары нәтижесіз болған.

2025 жылдың көктемінде Светлана жергілікті орталыққа жүгініп, мысықтарды орналастыруға көмектесуді сұраған. Алайда орталық өкілдері көмектесе алмаған — өйткені жануарлар тым әлсіреп, ауырып қалған, кейбірі тіпті өліп кеткен. Кейін волонтерлер мен көршілер көмектесе бастады: олар тамақ пен дәрі-дәрмек әкеліп беруде. Алайда Светлана сыртқы қысымнан шаршап, есікті кез келген адамға ашпайды.

Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырып, «Мен тереземді ашқым келеді, иісіңді өзің иіске!» деген жанайқайға айналды.

Тэгтер:

мысық тұрғын үй кемпір мысықтар ауру мысық