Енді 3 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын 500 доллар төленеді

29 шілде, 2025 / taulik
Фото: коллаж Taulik.kz

Қытай билігі туу көрсеткішін арттыру мақсатында жаңа әлеуметтік қолдау шарасын енгізді. Енді 3 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын 500 доллар көлемінде қаржылай төлем берілмек.

Бұл бастама елдегі халық санының азаюына қарсы күрес аясында қолға алынып отыр. Соңғы жылдары Қытайда туу көрсеткіші күрт төмендеп, еңбекке қабілетті халықтың саны азайып келеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл экономикалық өсімге қауіп төндіруі мүмкін.

Жаңа шара арқылы ата-аналардың бала тәрбиесіне кететін шығындарын азайту және жас отбасыларды балалы болуға ынталандыру көзделіп отыр.

Тэгтер:

көмек Қытай қаржы балалар төлем 500 доллар