Жанар-жағармай бекетінде бензин құйып беретін азамат 2-3 литр бензинді бөлек өзіне құйып алған.
Qazaq Oil жанар-жағармай бекетінде жеті мың теңгеге бензин құю керек болған, бірақ бенизн құйып беретін азамат оның 2-3 литрін бөлек ыдысқа құйып алған. Не үшін бұлай істеп жатсыз деп сұрағанға азамат «қыздар әр көліктен 1 литр құйып ал», деп айтқан деп отыр.
«Құйып бере саламын», – деп жауап берген азаматқа желі қолданушысы «неге ұрлық жасайсыз» деп жауап берген. Алайда әлгі азамат мұнысын ұрлық деп есептемейтінін айтқан.