АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін қате түсінген. Bild дерегінше, Уиткофф Путин Запорожье мен Херсон облыстарынан Ресей әскері кетеді деп ойлаған.
Алайда, басылымның жазуынша, Путин шын мәнінде бұл аймақтардан украин әскері кетуі тиіс екенін айтқан.
Ал бұған дейінгі тараған ақпарат мәні басқаша болған. Bloomberg мәліметінше, Ресей мен АҚШ Украинада ұрыс қимылдарын тоқтатуды талқылап жатыр. Ресей Донбасс пен Қырымды ресейлік деп мойындалуын талап етуде. Ондай жағдайда Украина Донбасстан әскерін шығаруы тиіс. Ал Ресей Запорож және Херсон аймағындағы шабуылын тоқтатып, Харьков және Сумдағы әскерін әкетуі ықтимал.