Қара нәсілділер отбасында дүниеге келген аққұба қыздың оқиғасы

9 тамыз, 2025 / taulik
Фото: Ашық дереккөз

Англияда бірнеше жыл бұрын Нигериядан қоныс аударған Ангела мен Бен Ихекбороның отбасында ерекше бала дүниеге келді. Қыздың есімі — Нмачи, бұл нигериялық тілден аударғанда «Құдай сыйлаған сұлулық» деген мағынаны білдіреді. Сәби аққұба, көгілдір көзді және бұйра сары шашты болып туған.

Әкесі Бен мұндай жағдай отбасында бұрын-соңды болмағанын айтады. Ол қызының өзінікі екенін және жұбайының адалдығына сенетінін жеткізді: «Тіпті басқа жағдай болған күннің өзінде, бала мулат болар еді», — дейді ол.

Оксфорд университетінің профессоры Брайан Сайкс бастаған генетиктер бұл жағдайды сирек кездесетін генетикалық мутациямен немесе меланин пигментінің жетіспеуінен туындайтын альбинизммен байланыстырады. Дегенмен нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Тэгтер:

қара нәсілді Нигерия аққұба қыз Нмачи оксфорд университеті