Аляскадағы кездесу: Мәскеу қандай талап қойып отыр?

Бүгін, 01:34 / taulik
Фото: Ашық дереккөз

2025 жылғы 15 тамызда Аляскада өтуі мүмкін келіссөздер алдында Мәскеудің жоспары белгілі болды

The Washington Post-тың хабарлауынша, Ресей Украинаға Луганск және Донецк облыстарындағы аумақтық талаптарынан бас тарту шартымен уақытша атысты тоқтату туралы ұсыныс жасамақ. Басылымға бұл туралы жағдайдан хабардар дереккөздер мәлімдеген.

Либералдық көзқарастағы CNN телеарнасының дерегінше, Ақ үй Украина президенті Владимир Зеленскийдің 15 тамызда Аляскада өтетін кездесуіне қатысу мүмкіндігін жоққа шығармай отыр.

The Washington Post тілшілерімен сөйлескен дереккөздер Кремль Херсон мен Запорожье облыстарындағы, Қырымға апаратын «құрлық дәлізі» орналасқан аумақтарды өз бақылауында қалдыруды көздеп отырғанын айтқан.

Бұған дейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс алдағы келіссөздер соғысты тоқтату үшін жасалып жатқан күш-жігерге лайық екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ «Украинадағы соғысты қаржыландыруды аяқтады» деп атап өтті.

Тэгтер:

Путин кездесу талап Трамп Аляска Мәскеу жоспар