Орыстарды да жақсы көремін – Трамп пен Зеленский кездесуінен

Бүгін, 23:01 / taulik
Фото: Ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп кезекті мәлімдемесінде электрондық дауыс берудің сенімсіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, демократтардың жеңіске жетуінің жалғыз жолы – пошта арқылы дауыс беру.

«Мен Украинаны жақсы көремін, орыстарды да жақсы көремін және соғыстың тоқтағанын қалаймын», – деді Трамп.

Сонымен қатар, ол Еуропаның Украинаға сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін бергісі келетінін және бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді.

Трамптың айтуынша, ол Ақ үйдегі кездесулерден кейін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр.

Зеленскиймен өткен 25 минуттық жария кездесуде Трамп Украинаға АҚШ тарапынан қандай көмек қажет екенін сұрады. Украина президенті «бәрі: қару да, барлау да» деп жауап берді.

Тэгтер:

Украина АҚШ соғыс кездесу Трамп Зеленский