Индонезияның Бали аралында Ресейден барған 32 жастағы Андрей есімді турист улы жылан шағуынан көз жұмды. Ер адам жылан шаққанын байқамай, өзін жай ғана ауырып қалдым деп ойлап, дер кезінде дәрігерге қаралмаған. Кейін оның жағдайы күрт нашарлап, бір айдан астам уақыт комада жатқан.
Mash таратқан ақпаратқа қарағанда, Тамбов қаласының тумасы Андрейге 14 қазанда кенеттен жайсыздық сезілген. Ол бұл жағдайға мән бермей, үйінде жүре берген. 19 қазанда ол подругасына қоңырау шалып, сөйлеуге шамасы келмей, тек ауыр дем алып тұрған. Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенде Андрей жақындарын тани алмай, тынысы тарылып, ақыры комаға түскен.
Дәрігерлер бастапқыда «метанолдан улану» деп күдіктенген. Яғни қолдан жасалған алкогольден уланды деп ойлаған. Алайда анализдерде спирт пен есірткі іздері табылмаған. Кейін оның қолында жылан тістеген ізі бары анықталып, дәрігерлер уланудың себебі — улы жыланның уы екенін растады.
Андрей бір ай бойы жасанды тыныс алу аппаратына (ИВЛ) қосулы болған. Жағдайы біршама тұрақтанғанымен, дәрігерлер оны Ресейге тасымалдауға рұқсат бермеген — хал өте ауыр деп бағаланған. Осы уақыт ішінде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі мен консульдығы отбасымен байланыста болған.
Өкінішке қарай, жас жігіт ұзақ комадан кейін қайтыс болды.
Марқұмның ағасына Балидағы аурухана 10 миллион рубль көлемінде шот шығарған. Себебі күндік емдеу құны 250–300 мың рубль арасында болған. Ал Андрейді Ресейге арнайы медициналық ұшақпен тасымалдау кемінде 20 миллион рубль тұратын ед