«Таза Қазақстан»: Ақтауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Бүгін, 19:45 / taulik
Фото: әкімдік ресми сайтынан.

Ақтау қаласында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 7 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл туралы шаһар басшысы есеп беру кездесуінде айтты.

Экологиялық шарада Маңғыстаудың климаттық жағдайына жақсы бейімделген клен, платан, акация, айланд, гледичия, туя, можжевельник және қайың секілді ағаш түрлері отырғызылды.

Еске салайық, Ақтауда күзгі ағаш отырғызу маусымының өзінде 2 мыңнан астам биікті 4, 4 жарым метрді құрайтын ағаш отырғызылды.

Тэгтер:

Ақтау Ақтау қаласы таза қазақстан ағаш отырғызу