Ресейлік теле журналист әрі мемлекеттік саясатты ерекше пропаганда жасайтын Владимир Соловьев Ресейдің ұлттық доктринасын қайта қарастыруды және Армениядағы және Ресей «ықпал аймағының» басқа нүктелеріндегі «арнайы әскери операцияны» жүргізуді талап етті, деп хабарлайды taulik.kz БАҚ-қа сілтеме жасап.
«Біз қазір не Сириямен, не Венесуэламен айналыспауымыз керек. Біз өз позицияларымыздан айнуға тиіс емеспіз. Бірақ біз үшін ең маңыздысы бізге жақын шет жұртымыз. Біз үшін Армениядағы болып жатқан жағдай Венесуэладағыдан тереңірек. Армениядан айырылу – бұл үлкен проблема. Орталық Азиядағы мәселелер – міне, бұл біз үшін өте үлкен қиындықтар.
Біз өз мақсаттарымыз бен міндеттерімізді өте нақты тұжырымдауымыз керек. Біз: "Ойындар аяқталды" деп түсіндіруіміз қажет. Халықаралық құқыққа, халықаралық тәртіпке мән бермеймін. Егер біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін Украина территориясында "арнайы әскери операцияны" бастау қажет болса, онда неге сол себептерге сүйене отырып, біз өзіміздің ықпал аймағымыздың басқа нүктелерінде де "арнайы әскери операцияны" бастай алмаймыз.
Мүмкін, бізге өз ұлттық доктринамызды қалыптастырып, біздің ықпал аймағымыз қандай екенін нақты айтуымыз керек шығар. Сонда бәрі түсінікті болады», – деді насихатшы.