Қырғызстанда "қызбен сүйіскен сәтте жігіт тілінен айырылды" деген шу тудырған оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.
Журналист Бекболат Қаржан бұл жағдайдың мән-жайын Facebook парақшасында тарқатып жазды. Оның айтуынша, оқиға бастапқыда айтылғандай екі жастың романтикалық қарым-қатынасы аясында емес, таныстарының тойында болған.
Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, 18 жастағы қыз жігіттің сүйіктісі болмаған. Той барысында масаң күйдегі жігіт қызға қайта-қайта тиісіп, құшақтап, еркінен тыс сүймек болған. Осы әрекеттерге ашуланған қыз өзін қорғау үшін жігіттің тілін және ернінің бір бөлігін тістеп жұлып алғаны айтылды.
Пост авторы қыздың әрекетін өзін-өзі қорғау деп бағалап, мұндай жағдайда оның ісін түсінуге болатынын жазған. Ал жігіттің туыстары қазір қыздың ата-анасынан кешірім сұрап жүргені де хабарланды.
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаның шынайы мән-жайы ашылғанына таңданыс білдіріп, бұл жағдай жігітке үлкен сабақ болады деген пікірлер қалдыруда.