Алматыда ұлттық құндылықтар тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін, 13:44 / taulik
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Қаржаубай Омарұлының «Әке» романына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара 2025 жылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай құрылған «Абай 14» кітап клубының бастамасымен өтті. Бүгінде бұл клубта 100-ден астам оқырман бар.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласының мектеп оқушылары мен педагогтері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Жиын барысында шығарманың көркемдік ерекшеліктері жан-жақты талқыланды, әке бейнесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығы тақырыбы, сондай-ақ адамгершілік пен жауапкершілік мәселелері сөз етілді.

Тэгтер:

Алматы мәдениет ұлттық құндылық