Консультация мен психотерапияның айырмашылығы

8 ақпан, 2026 / taulik
Фото: коллаж arasha.kz

Қазіргі қоғамда психологиялық көмек түрлеріне қатысты шатасулар жиі кездеседі. Әлеуметтік желілерде психология саласының әртүрлі бағытында жұмыс істейтін мамандардың әртүрлі түсіндірмелері бұл түсініксіздікті күшейте түсуде. Нәтижесінде, кейбір адамдар  психологпен өткізілген бір ғана сеанс мәселені толықтай шешеді деп ойлайды, енді біреулер психотерапияға тек психикалық ауруы бар адамдар ғана жүгінеді деп есептейді, ал тағы бір топ консультация барысында психолог клиентке дайын кеңес беріп, өмірін қалай сүру керектігін айтып береді деген пікірде.

Мұндай жаңсақ түсініктер адамның өз қиындықтарын шешу процесіне жалған үміт қалыптастырып қана қоймай, психологиялық көмектің тиімділігін төмендетеді. Ең бастысы, психолог пен клиент арасындағы сенімге негізделген кәсіби альянстың қалыптасуына кедергі келтіреді. Осыған байланысты психологиялық консультация мен терапияның айырмашылығын нақты әрі ғылыми тұрғыда ажыратып көрсету маңызды.

Психологиялық консультация ұғымы

Психологиялық консультация – адамның өз өмірлік жағдайын, өзекті мәселесін түсінуіне, оны жан-жақты талдап, шешу жолдарын анықтауға бағытталған кәсіби психологиялық көмек түрі. Консультация, әдетте, бір немесе бірнеше кездесуден тұрады және қысқа мерзімді сипатқа ие.

Консультацияның негізгі ерекшелігі – регрессивті әдістердің қолданылмауы. Регрессия деп адамның өткен өмір кезеңдеріне, әсіресе балалық шақтағы тәжірибелеріне қайта оралуға бағытталған психологиялық тәсілдер. Консультация барысында психолог клиенттің «ересек» бөлігімен жұмыс жүргізеді, яғни адамның қазіргі сәттегі ойлау жүйесі, эмоциялық реакциялары мен мінез-құлқына назар аударады.

Психологиялық консультацияға тән белгілер:

Маңыздысы, консультация барысында психолог клиентке дайын шешімдер ұсынбайды. Бұл процесс асүйдегі әңгіме немесе «ақыл айту» форматына жатпайды. Керісінше, психолог клиентке өз сұрақтарына ішкі ресурстары арқылы жауап табуға жағдай жасайды.

Психотерапия ұғымы

Психотерапия – адамның психикалық денсаулығын қалпына келтіруге, өмір сапасын арттыруға және терең психологиялық қиындықтарды шешуге бағытталған ұзақ мерзімді кәсіби емдеу процесі.

Көп жағдайда психотерапиялық жұмыстың бастапқы кезеңі консультациялық форматта өтеді. Бұл кезеңде клиент пен терапевт арасында сенімге негізделген тұрақты қарым-қатынас қалыптасады, клиенттің психологиялық дайындығы мен ішкі құрылымына жан-жақты диагностика жүргізіледі. Тек осы кезеңнен кейін ғана регрессивті әдістерді қолдануға мүмкіндік туады.

Психотерапияның негізгі ерекшеліктері:

психотерапияны арнайы жоғары психологиялық немесе клиникалық білімі бар психолог-психотерапевт, ал кей жағдайларда медициналық білімі бар дәрігер-психотерапевт жүргізеді.

Психотерапия барысында адам өз өмірінде қайталанып отыратын мінез-құлық үлгілерін, бала кезден қалыптасқан сенімдер мен ішкі тұжырымдарын қайта қарастырып, терең тұлғалық трансформациядан өтеді.

Адамның психикалық әлемі – жоғары деңгейдегі жауапкершілік пен қауіпсіздікті талап ететін нәзік жүйе. Сондықтан психологиялық көмек түрлерінің айырмашылығын дұрыс түсіну – клиенттің де, маманның да кәсіби әрі этикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Психолог-консультант: Ақдидар Әуез

Тэгтер:

психология консультация психотерапия терапия Ақдидар Әуез