Педагогтерді енді мәжбүрлеуге болмайды: депутат жаңа заң жобасы туралы айтты

Бүгін, 11:18 / taulik
Фото: ашық дереккөзден алынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Threads әлеуметтік желісінде педагогтарды, ұстаздарды қолдайтын жаңа заң жобасын дайындап жатқанын айтты.

Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік.Енді заң жобасын жұмысқа қабылдаймыз. Келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылауды бастаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе.Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен сананы тәрбиемен айналысуы тиіс, - дейді депутат.

Тэгтер:

Мәжіліс депутаты депутат Асхат Аймағамбетов ҚР заң жобасы педагогтер мәжбүрлеу