Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтардың скринингтік тексерулерден өтуіне қатысты маңызды құқық бар екенін еске салды.
Оның айтуынша, көптеген адамдар бұл мүмкіндікті білмейді. Алайда Еңбек кодексінде скринингтік тексерулерден өту үшін арнайы әлеуметтік демалыс қарастырылған.
Депутаттың түсіндіруінше, заңға сәйкес қызметкерлерге жылына үш жұмыс күніне дейін скринингтік тексерулерден өту үшін демалыс беріледі. Бұл норма Еңбек кодексінің 87-бабында нақты көрсетілген.
"Көп адам мұны білмейді. Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған. 87-бапта ол нақты көрсетілген: қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Жұмыс беруші бұл арнайы демалысты беруге міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар. Скринингтен өтіңіздер", – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.