Орталық референдум комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елордалық комиссиялардың деректеріне сүйене отырып, еліміздегі барлық 10 388 учаскеде дауыс беру процесі басталғанын мәлімдейді.
Ашық учаскелер сағат 07:00-де ашылды. Жекелеген 92 учаскеде дауыс беру сағат 06:00-де басталды.
Дауыс беру құқығы бар азаматтардың жалпы саны - 12 461 796 адам. Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 54 мемлекетте 71 учаске ұйымдастырылды.
Азаматтардың өтініші бойынша барлығы 17 514 есептен шығару куәліктері берілді.