Сарапшы Иран көшбасшысының өліміне қатысты күтпеген нұсқаны айтты

Бүгін, 10:08 / Ахмет Қанатұлы
Anadolu/Getty Images. Суретте: Әли Хаменей

Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменей АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде өзін әдейі қауіпке тіккен болуы мүмкін. Мұндай болжамды Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Каринэ Геворгян айтты.

Сарапшы бұл пікірін "Smarent Pro недвижимость" подкастында білдірген. Оның айтуынша, Иранның жоғарғы жетекшісі жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін жақсы түсінген.

"Менің ойымша, Әли Хаменей өзін саналы түрде құрбандыққа шалды. Ол 86 жастағы қарт адам еді, жағдайдың бәрін түсінді", – деді Каринэ Геворгян.

Сарапшының пікірінше, АҚШ Иранға шабуыл жасағанда өз мүмкіндігін шамадан тыс бағалаған. Ал Иран болса қақтығыстың жаңа кезеңіне алдын ала дайын болған.

Геворгянның айтуынша, Иран "Хорремшехр" атты гипердыбыстық зымырандарды жаппай өндіруді жолға қойған. Бұл қарудың көп мөлшерде шығарылуы Вашингтон мен Тель-Авив үшін күтпеген жағдай болған.

Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, Әли Хаменей 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастаған сәтте өзінің жұмыс кабинетінде болған кезде қаза тапқан.

Тэгтер:

АҚШ Иран Әли Хаменей