Ұшақ ішінде күтпеген жанжал: Көпшілікке танымал тұлғалар шу шығарды (ВИДЕО)

Бүгін, 13:43 / taulik
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ұшақ ішінде орын алған төбелестің видеосы кеңінен тарап, жүздеген мың қаралым жинады.

The Sun басылымының дерегінше, оқиға Нигериядағы Асаба әуежайынан ұшуға дайын тұрған United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде болған.

Кадрларда екі жолаушының ұшақ салонының дәл ортасында жұдырықтасып қалғаны анық көрінеді. Желі қолданушылары олардың жергілікті танымал тұлғалар – инфлюенсер Matins Otse (Very Dark Man – VDM) және әзілкеш Freedom Atsepoyi екенін жазуда.

Оқиға кезінде экипаж мүшелері жедел араласып, екі жолаушыны да ұшақтан түсірген. Кейін олар әуежай қауіпсіздік қызметіне тапсырылған. Осыдан кейін рейс жоспар бойынша өз бағытын жалғастырған.

Тэгтер:

ұшақ әзілкеш