Тоқаев ел болашағына қатысты маңызды ой айтты

Бүгін, 10:58 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда ғылыми қауымдастық өкілдерімен өткен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің даму бағыттарына тоқталып, маңызды мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы қазіргі қабылданып жатқан шешімдер елдің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, кез келген жұмыста қателік болуы заңды, алайда ең үлкен қауіп – тарихи мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалана алмау.

"Ұрпақтарымыз біздің қателіктерімізді түсінуі мүмкін. Бірақ Қазақстанды әділетті әрі қуатты мемлекетке айналдыруға берілген мүмкіндіктерді жіберіп алғанымызды ешқашан кешірмейді", – деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев елдің болашағы қандай болуы керектігіне де тоқталды. Оның пікірінше, Қазақстан заң үстемдігі берік орныққан, тазалық пен экологияға жауапкершілік жоғары, білім мен ғылымға басымдық берілген мемлекетке айналуы тиіс.

Президент мұндай құндылықтарға негізделген қоғам құру – елдің стратегиялық мақсаты екенін атап өтті.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев президент