"Маскадағы адам – ол Димаш": Танымал актер ел күтпеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 17:04 / taulik
Arasha.kz коллажы

"Тамаша" шоуы арқылы танылған актер Алмат Сақатов әнші Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдірді.

YouTube-тағы "Qazaq Airan" жобасына берген сұхбатында ол ел арасында "Маскадағы адам" атанып кеткен блогердің кім болуы мүмкін екеніне қатысты ойын айтты. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қайырымдылықпен айналысып жүрген бұл адамның әрекеті мен бейнесі Димаш Құдайбергенге ұқсайтынын жиі талқылаған еді.

"Димаш болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта Димаш өте танымал, сондықтан ол елдің назарында жүр", – деді актер.

Сонымен қатар Алмат Сақатов Димаштың қазақ өнеріне сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оны ерекше әрі сирек кездесетін феномен деп атады.

"Соңғы 70 жылдағы қазақ өнеріндегі тұлғаларды жинасақ та, олар Димаштың еңбегіне жете алмайды. Ертең мені осы сөзім үшін сынайтын шығар. Димаш секілді әлемнің түкпір-түкпірінде ән айту бірде-бір қазақ баласының қолынан келмеген. Ол тарихты жасап тастады. Димашқа Құдай ұзақ ғұмыр берсін.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген Маскадағы адам Алмат Сақатов