Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Бүгін, 11:29 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Алматыда әл-Фараби даңғылында тағы бір өліммен аяқталған жол апаты тіркелді.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 наурыз күні түнгі уақытта болған.

Алдын ала дерекке сәйкес, Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алматы жол апаты Әл-Фараби