Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) 1 сәуір күні АҚШ пен Израиль Иран басшылығына қарсы шабуылдарын жалғастырған жағдайда, Таяу Шығыста жұмыс істейтін америкалық технологиялық және қорғаныс компанияларына соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Politico басылымы ирандық Tasnim мемлекеттік медиасына сілтеме жасап хабарлады.
КСИР мәлімдемесінде жауап ретінде жасалатын шабуылдар 1 сәуірдің кешінде басталуы ықтимал екені айтылған. Сондай-ақ олар АҚШ нысандарының 1 шақырым радиусында тұратын тұрғындар мен қызметкерлерге аталған аумақтан эвакуациялануға кеңес берген.
Корпус террористік келісімдерге қатысы бар деп айыпталған 18 компанияның тізімін жариялады. Олардың қатарында Cisco, HP, Intel, Oracle, Microsoft, Apple, Google, Meta, IBM, Dell, Palantir, Nvidia, Tesla және Boeing бар.
Ақ үй өкілі КСИР тарапынан жасалған жаңа қауіптерге жауап ретінде Politico-ға берген мәлімдемесінде АҚШ қарулы күштері кез келген шабуылдың алдын алуға дайын екенін атап өтті.
"АҚШ қарулы күштері Иран тарапынан жасалатын кез келген шабуылды тоқтатуға дайын. Мұны террористік режим тарапынан баллистикалық зымырандар мен дрондар арқылы жасалатын шабуылдардың 90 пайызға қысқаруы дәлелдейді", – деді ол.
Иран тарапынан жасалып жатқан мұндай ескертулер америкалық технологиялық компаниялар үшін айтарлықтай қауіп төндіріп, ықтимал шабуыл жағдайында олардың қалай қорғалатыны туралы сұрақ туындатып отыр.