Иран билігі барлық кемелер үшін Ормуз бұғазын жапты

Бүгін, 11:16 / taulik
Фото: ашық дереккөз

Иран Қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшылығы Ормуз бұғазын барлық кемелер, соның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелері үшін жабу туралы бұйрық бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Иран Қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" орталық штабы хабарлады. 

Мәліметке сәйкес, АҚШ-пен шиеленістің күшеюіне байланысты бұғаз арқылы кеме қозғалысы толық тоқтатылған. Штаб өкілдері Ормуз бұғазынан өтуге әрекет жасаған кемелерге соққы жасалатынын ескертті.

Сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері бұғаздан өтпек болған екі кемеге соққы берілгенін хабарлады.

Алайда АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Ормуз бұғазы арқылы кемелердің екі бағытта да кедергісіз қатынап жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы халықаралық су жолы болып қала беретінін және оның ешкімнің бақылауында болмауы керектігін айтқан болатын.

Тэгтер:

Иран Ормуз