Қазақстанда 1 шілдеден бастап валюта атауы жаңартылады

Бүгін, 18:12 / Гауһар Есенгелдіқызы
tengrinews.kz

Қазақстанда ұлттық валютаның орыс тіліндегі ресми жазылуы өзгертіліп, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап барлық жаңа нормативтік-құқықтық актілерде «тенге» орнына «теңге» нұсқасы қолданылады. Түзету барлық жаңа нормативтік-құқықтық актілерге қолданылады және құжат айналымындағы терминологиялық бірізділікті қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Taulik.kz

Қазақстанда қабылданған жаңа Салық кодексіне сәйкес, ұлттық валютаның орыс тіліндегі жазылуы жаңартылды. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми құжаттарда, заңнамалық актілерде және мемлекеттік органдардың нормативтік материалдарында «тенге» сөзі «теңге» түрінде жазылады. Аталған өзгеріс валютаның мазмұнына немесе экономикалық мәніне әсер етпей, тек терминологиялық және орфографиялық бірізділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жаңа талап тек 2026 жылдың шілдесінен кейін қабылданатын құжаттарға қатысты. Бұған дейін бекітілген заңнамалық актілер мен құжаттарға түзету енгізу жоспарланбаған. Яғни бұрынғы құжат айналымы өз күшінде қалады, ал жаңа нормалар тек жаңадан әзірленетін материалдарға енгізіледі.

 

Тэгтер:

Қазақстан өзгеріс теңге экономика валюта