Ақтөбеде жеңіл көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Бүгін, 13:03 / taulik
t.me/diapazonnews

Ақтөбенің автогаз құю бекеттерінің бірінде жеңіл көлік өртеніп, салдарынан үш адам қаза тапты. Ал қаза болғандардың екеуі кәмелетке толмағандар, тағы бір зардап шегуші аурухана жеткізілді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Аталған қайғылы жағдай 19 маусым күні Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде болған. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 қызметіне өрт туралы хабар сағат 22:55-те түскен.

Оқиға орнына 10-нан астам техника мен 50-ден астам құтқарушы жұмылдырылды. Сондай-ақ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер өртті сегіз минут ішінде толық ауыздықтады.

– Өртті сөндіру барысында көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Ақтөбе автогаз құю бекеті жеңіл көлік