Астанада 20 маусым күні бағыттық автобус теміржол өткелінде теміржол құрамымен соқтығысып, кейін Hyundai автокөлігіне соғылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Оқиға Лесозавод ауданындағы «Вагонозавод» аялдамасының маңында болған. Апат орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған.
«Ивеко» маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өту кезінде келе жатқан пойызға жол бермеген. Соққы салдарынан «Ивеко» автобусы инерция күшімен қозғалып, «Hyundai» жеңіл автокөлігіне барып соғылған”, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, теміржол құрамымен болған соқтығыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, автобус жүргізушісі медициналық тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.