Желіде алауыздық тудырғандар 20 жылға сотталуы мүмкін

Бүгін, 11:37 / taulik

Бас прокуратура қазақстандықтарға әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлерге жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті. Ведомство араздық тудыратын немесе жалған ақпарат таратуға себеп болатын контент үшін заңмен жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді.

Құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай кінәлілерге ірі көлемде айыппұл салынуы немесе 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Жауапкершілік тек мұндай материалдарды жариялаған азаматтарға ғана емес, оларды әдейі таратуға көмектескен адамдарға да жүктеледі. Атап айтқанда, күмәнді контентті бөлісу, қайта жариялау немесе өзгелерге жіберу де құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Бас прокуратура жалған ақпарат таратудың да құқықтық салдары барын еске салды. Фейк дерек жариялағаны үшін айыппұл салынуы, ал кей жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін. Сондықтан азаматтарға ақпаратты жарияламас бұрын оның шынайылығын тексеріп, арандатушылыққа ермеу ескертілді.

Тэгтер:

Бас прокуратура жалған ақпарат 20 жыл алауыздық