Қырғызстанның экс-президенті Назарбаев туралы пікір айтты

Бүгін, 17:32 / taulik
kznews.kz коллажы

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдіріп, оның қазіргі жағдайына қатысты да мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды taulik.kz, kznews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Асқар Ақаев қазіргі таңда Ресейде тұрып жатқанын және ғылым саласында еңбек етіп жүргенін айтты.

«Қазір Мәскеуде тұрамын. Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жұмыс істеймін. Математика профессоры болып қызмет атқарамын. Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысамын, аспиранттар мен докторанттарды дайындаймын, ғылыми еңбектер шығарамын», – деді ол.

Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы қарым-қатынасы жайлы да пікір білдірді.

«Ең жақсы қарым-қатынастамын. Мен бірге жұмыс істеген адамдардың бәрімен жақсы қатынастамын. Нұрсұлтан Назарбаевқа да 30 жыл бойы үлкен құрметпен қараймын», – деді Ақаев.

Бұдан бөлек, Қырғызстанның экс-президенті Қазақстанның бұрынғы басшысымен жақында кездескенін айтып, оның жағдайы жақсы екенін жеткізді.

«Соңғы рет жақында көрдім. Ол тірі, дені сау. Жағдайы өте жақсы», – деді Асқар Ақаев.

Жарияланған бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік назарын аударды.

Тэгтер:

#Нұрсұлтан Назарбаев #Асқар Ақаев #Қырғыстан #Қазақстан