Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Өзбекстанды 5:0 есебімен ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды taulik.kz.
Кездесудегі алғашқы гол 14-минутта соғылды. Команда капитаны Криштиану Роналду қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.
39-минутта Роналду тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, дубль авторы атанды. Осылайша ол әлем чемпионаттарының алты кезеңінде гол соққан алғашқы футболшы ретінде тарихқа енді.
Екінші таймда, нақтырақ айтқанда 52-минутта Нуну Мендеш Португалияның үшінші голын соқты.
67-минутта өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусанов сәтсіз қимылдап, допты өз қақпасына енгізіп алды.
Ал матчтағы соңғы гол 84-минутта тіркелді. Рафаэл Леау шабуылды сәтті аяқтап, есепті 5:0-ге жеткізді.
Осы жеңістен кейін Португалия өз тобында көш бастап тұр. Ал Өзбекстан құрамасының келесі кезеңге шығу мүмкіндігі күрделене түсті.