Қазақстандық оқушыларды өзгеріс күтіп тұр

Бүгін, 00:05 / taulik
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Қазақстандағы «Келешек мектептерінде» алдағы уақытта бірыңғай мектеп формасы енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады taulik.kzalash.kz сайтына сілтеме жасап. 
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда бұл бастама қоғам тарапынан жиі көтеріліп жүрген маңызды мәселелердің бірі. 

Министрдің айтуынша, бұл форма жай ғана киім емес, ерекше символдық мәнге ие болады. 

«Келешек мектептерінің бірыңғай формасы болады. Форма оқушыларға білімге, ғылымға ұмтылуға, “Келешек мектептерінде” оқығанын мақтанышпен көрсететін үлкен символикалық мәні бар форма болады деп санаймын», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кетейік, аталған мәлімдеме Астана қаласындағы №100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарында айтылды.

Тэгтер:

#Білім #Мектеп формасы #Өзгеріс #Оқушылар #Оқу-ағарту министрі